Солтүстік Қазақстан облысында 18 ауыл карантинге жабылды

Oinet.kz 27-09-2020 666

Солтүстік Қазақстан облысында 184 мыңнан астам құс қырылған. Осыған сәйкес аймақта 18 ауыл карантинге жабылды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

Айқын газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істейді. 

- "Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы үй құсы. Қырылған құстың қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Құстардың қырылу фактісі 40 елдімекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Қостанай облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарына карантин жарияланды. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, ірі құс фабрикаларында өлім-жітім байқалмайды. 

Айта кетсек, 23 қыркүйек күні Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Трофиовка ауылынан құс тұмауы тіркелді. 

Оған қоса, Ақмола облысының тағы үш ауданында құстар қырыла басталды. Құстардың қандай себеппен қырыла бастағаны әлі белгісіз.

Ыстамбұл көшелерінің біріне Абай есімі берілді
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу