«Біз соғысты қалаған жоқпыз» Таулы Қарабахтың басшысы елге мәлімдеме жасады

Oinet.kz 28-09-2020 774

Screenshot_3.jpg

- Біз соғысты қалаған жоқпыз, бұл соғысқа Отанымыз бен отбасымызды қорғау үшін кіріп отырмыз. Әзірбайжанның үкіметі қалыптасқан жағдай үшін жауап береді. Әзірбайжанның президенті Әлиев өңірдегі гуманитарлық катастрофа үшін жауап беретін болады, - деп жазды мойындалмаған Таулы-Қарабах республикасының басшысы Араик Арутюнян фейсбуктегі парақшасында. 

Оның айтуынша, қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық жиналыстың (Парламенттің) мәжілісі шақырылған. 

- Депутаттардың алдында мен елде соғыс жағдайы енгізілгенін, 18 жастан асқандарды жалпы мобилизациялау жасалғанын жария еттім, - делінген Арутюняннің жазбасында.


«Мені қашан өлтіріп кетеді?» - Қуат Хамитов өзінен жалыққанын мойындады
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу