Дінтанушы «Тәлім Trend» бағдарламасы туралы пікір білдірді

Oinet.kz 22-10-2020 826

Жақында «Асыл арна» директоры Мұхамеджан Тазабектің «Тәлім Trend» атты бағдарламасы көрерменге жол тартты.  Бірақ ол тәлім-тәрбиені әдеттегідей You tube немесе өз арнасынан емес, Ұлттық арнадан көрсетіп жатыр. Әрине, Мұхамеджан десе, дау-дамай да қоса жүретінін жасыру мүмкін емес. Бұл жолы халықтың да, қоғам белсенділерінің де пікірі екіге жарылды. Бірі бұл бағдарлама концепциясынан үміт көрсе, екіншілері тәлімнің орнына өзге дүние бере ме деген күдікте. 

Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, даттап жатқандар да, ақтап жатқандар да табылады. Осы тұста дінтанушы Адбулла Баһадүрдің «Тәлім Trend» бағдарламасы туралы пікірін білген едік.

68436856_104748520874305_727321521525096448_o.jpg

Мен  Мұхамеджан Тазабекті 2008 жылы қажылыққа барған кезден көзбе-көз танып білемін. Айтысқа қатысқан, журналист болған. Ол жағынан дау жоқ мықты. Өлең жазуын құрметтеймін, тілі шебер, талантты жігіт қой. Бірақ кейінгі кезде арабтардың идеологиясын таратып жүргенін ұнатпаймын. Өзінің шығармашылық қабілетіне айтарым жоқ, бірақ идеология жағынан ақсап жатыр. Арабтың мәдениетін әкеліп, дін деп уағыздауда. Құранды көп адам оқиды. Бірақ дінтанушы, теологпын деп жүргендердің өздері дін менен араб дәстүрін ажырата алмай жүр. Ең басты қателік осы жерде. Дін арқылы қазақтың дәстүрін жоққа шығарар болса, қазақ оны әрине жақтырмайды. Дін мен дәстүрді шатастырғандықтан әлбетте қарсылық туындайды. Халықтың санасы қазір биік болғанымен, рухани тозып бара жатырмыз. Оған кінәлі дүмше молдалар. Төрде отырып бата қайырғанына мәз. Мен ешкімнен қорықпаймын, шындықты айтуымыз керек. 

Барлық жерде айтып жүремін. Қазақ әлмисақтан мұсылман! Арабқа дейін де мұсылман болғанбыз. Бұл дін бізге арабтардан келген жоқ. Бір құдайды мойындағанның бәрі мұсылман. Арабтың дәстүрін алып келіп, қазақтың дәстүрін жоғалтып жатыр. Сақал деген құранда сөз жоқ. Сақалды басқа мүшрүктерге ұқсамау үшін арабтарға айтқан. Ал мұсылмандар түр - сипатқа қарамайды. Ол әр халықтың дәстүрінің көрінісінен шығады. Музыканы, басқаны харам қылды, оның барлығы – надандық. Қазақтың бұрынғы жолын жоққа шығарып өшіретін болсаң, қазақтың жауы боласың. Дін өте кіршіксіз нәрсе, білімі жетпейтіндер жоламау керек. Біздің діндарлардың 90 пайызы дүмше.

Негізі бұл бағдарламаны қолдап жатқандар бар. Басшылық өзінде теріс ағымдағылар жетіп артылады. Бұл ішкі жаулардың ішімізге салып жатқан іріткісі.


Біржан Байтуов: «Қазақ дүниетанымына жат еш нәрсе көрген жоқпын»
Бүгін Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу