Министр елордадағы тұрғын үйлердің қауіпті екенін айтты

Oinet.kz 03-11-2020 738

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының сапасын сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- Құрылыс кезінде объектілер арасындағы белгіленген саңылаулар сақталмайды, өртке қарсы техниканың өтуіне арналған кіреберістер ескерілмейді, бұл өрттің үлкен аумақта өршу қаупін тудырады. Мысалы, екі жыл ішінде Тараз қаласының тұрғыны үйі мен сауда орталығындағы олқылықтар туралы бізге бірнеше рет хабарласты, - деді министр үкімет отырысында.

Ол биыл 100-ден астам осындай өтініш түскенін атап өтті.

- Құрылыс кезінде жобадан ауытқуға жиі жол беріледі, нәтижесінде нысандар жөнделмей ары қарай жұмыс істейді. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешені, жоба бойынша бес қабатты болуы керек. Алайда 10 қабат болып салынған. Қосшығұлы көшесіндегі тұрғын үйлерде баспалдақ жоқ. Жалпы алғанда, Қазақстанда 263 объект өрескел бұзушылықтармен жұмыс істейді. Ақпарат лицензияны қайтарып алғанға дейін тиісті шаралар қолдану үшін GASK уәкілетті органдарына жіберілді, - деп қосты ол.

Бүгін Шохан Уәлихановтың туған күні
Қостанайда анасы өз балаларын пышақпен жарақаттаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу