Бүгін Нұрлан Өнербаевтың туған күні

Oinet.kz 04-11-2020 3116

Осыдан 59 жыл бұрын, 1961 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші, актер Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Қазақстан ауылында туған. 

Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев — Уикипедия

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1992), «Дарын» сыйлығының (1995) иегері, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1995). М. Әуезов атындағы драма театры жанындағы актерлер студиясын бітіріп, осы театрда он жылдай еңбек етті. «Ана – Жер Ана» спектаклінде Жайнақ рөлін, «Қан мен терде» Рай рөлін ойнады. Тағы басқа 15 шақты спектакльдерде ірілі-ұсақты кейіпкерлерді сомдады. 1990-1998 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. 1996-1998 жылдары «Хабар» агенттігінде аудармашы, дубляж бөлімінің жетекшісі, 1998-2002 жылдары республикалық Президент оркестрінің әншісі болды. Нұрлан Өнербаевтың үлкен сахнадағы әншілік, орындаушылық өнер жолы 1986 жылдардан бастау алады. Ол «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндерін, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндерін орындап жүр. Өнер сапарымен, концерттік бағдарламамен Түркия, Италия, Франция, Жапония, Чехия, Словакия, Марокко, Қытай, Германия, Моңғолия елдерінде болды. «Сұлулық», «Жан аға» атты аудио кассеталары мен «Қарағым-ай» және бірнеше үнтаспалары шыққан. 2003 жылдан «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақ радиосының бас директоры. 2007 жылғы қаңтардан – Алматы қаласы мәдениет департаментінің директоры. 2008 жылғы желтоқсаннан төртінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісіне «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутат болды. «Қыран» федерациясының құрметті президенті. «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған, Мәдениет қайраткері.

Бүгін Міржақып Дулатовтың қызының туған күні
Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус жағдайы тіркелмеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу