Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш заңгер Жақып Ақбаевтың туған күні

Oinet.kz 07-11-2020 1326

Осыдан 144 жыл бұрын (1876-1934) қазақ зиялыларының бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, қазақтың тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбаев дүниеге келген. Семей облысы Қарқаралы уезі Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 

image.png

1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гимназиясына ауысып, онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 

1903 жылы І дәрежелі дипломмен бітіріп шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын меңгеруге талаптанады. Адамның есте ұстау қабілеті мен фактілерді екшелеудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қаласындағы мнемоника профессоры С.Файнштейннен дәріс тыңдауға және Санкт-Петербургтегі Археология институтына оқуға түсуге университет басшыларына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты тақырыпты қорғауға бекітеді. Кейін осы тақырыпты түрмеде отырғанда ары қарай жалғастырып, кеңейтіп, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жариялайды. ЖОО бітірісімен Омбы сот палатасына қызметке тұрады. 

1905 жылғы тамызда Омбы қаласындағы 2-учаскенің бітімші соты болады. Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құрылады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты сталиндік зобалаңға түсіп, Воронежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байланысты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болды.

Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі болды
Асқар Мамин Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу