Дулат Ағаділдің ұлының өлімі: күдіктілер ұсталды

Oinet.kz 12-11-2020 1952

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Oinet.kz  тілшісі.

Үш жерден пышақталған". Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың қазасының  анық-қанығы

Оның айтуынша, күдіктілер ұсталды.

- 2020 жылдың 10 қарашасында Нұр-Сұлтандағы Көктал шағын ауданында төбелес болды. Нәтижесінде пышақ жарақатынан 17 жастағы Жанболат Ағаділ көз жұмды. Жедел-тергеу тобы ЖШС жұмысшылары мен Талапкер кентінің жастары арасында қақтығыс болғанын анықтады. Нәтижесінде Ақмола облысының Талапкер кентінен Көктал шағын ауданына 20 адам келіп, кәсіпорынның жас қызметкерлері тұратын жерге келген, - деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, жанжал төбелеске ұласқан.

- Жанболат Ағаділ Талапкер ауылынан қақтығыстың басқа қатысушыларымен келген. Кейіннен Ағаділ сол жерде пышақ жарақатын алып, көз жұмған.

Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 99-баптың 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтiру") да. Оқиғаның, төбелестің барлық қатысушысы ұсталды. Негізгі күдіктілер де ұсталды. Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үш адам, оның ішінде кісі өлтірген күдікті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп толықтырды ІІМ өкілі.

Қылмыстық іс бақылауда. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады деді ведомстводағылар. 

Бас полицей халыққа есеп берді
Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға көмек көрсетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу