Танымал Халық әртісі қайтыс болды

Oinet.kz 14-11-2020 736

КСРО халық әртісі Армен Джигарханян 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz порталы.

image.png

- Бүгін қаралы хабар жетті. Белгілі әртіс, оның есімі берілген театр көшбасшысы, жетекшісі Армен Джигарханян көз жұмды, — делінген театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Армен Джигарханян 1935 жылы 3 қазанда Армения астанасында өмір есігін ашқан. 1960 жылы жас әртістің кинодебюті болды. Ол "Обвал" фильмінде ойнады. Актер Фрунзе Довлатяннің "Здравствуй, это я!", "Место встречи изменить нельзя" картиналарынан кейін танымал болды. Армен Джигарханян 1996 жылдан бастап Мәскеу драма театрының президенті әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. 

Сонымен қатар, өнер иесі дыбыстау саласында көп жұмыс атқарды. "Жил-был пес", "Серый волк энд Красная шапочка", "Остров сокровищ" сынды мультфильм кейіпкерлері оның даусымен жазылды. 

Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Соңғы тәулікте 700-ден аса адам коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу