Назарбаев Армен Джигарханянның отбасына көңіл айтты

Oinet.kz 16-11-2020 705

Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі Армен Джигарханянның қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz  тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

image.png

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті мәдениет қайраткері, актер Армен Джигарханянның қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдады.

Елбасы Армен Джигарханян бар ғұмырын өнерге арнап, өзінің таланты мен кәсіби шеберлігінің арқасында миллиондаған көрерменнің құрметі мен ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Армен Джигарханянның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

«Қазақстанда бәрі сатылады» - деген волейболшы ойыннан шеттетілді
«Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек» - Лукашенко
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу