Бүгін Мұстафа Өзтүріктің туған күні

Oinet.kz 23-11-2020

Осыдан 65 жыл бұрын (1954-1995) белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу алтыншы дан иегері, Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүрік дүниеге келді.   

image.png

Ыстанбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы эксперименталды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп, корейдің көне спорт өнері таэквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстанбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. 2000 жылы Алматы қаласында Мұстафа Өзтүрік атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Мұстафа Өзтүріктің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.

Жасөспірім 9 қабатты үй төбесінен құлап, қаза болды
Бүгін Талғат Теменовтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×