Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды

Oinet.kz 29-11-2020 714

15 жылдан кейін кәсіпқой рингке қайта оралған бокс аңызы Майк Тайсон мен төрт салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Рой Джонс арасында жекпе-жек өтті. 

Майк Тайсон.jpg

8 раундқа созылған жекпе-жекте Майк Тайсон айқын басымдық таныта білді. Айқас соңына дейін ауыр соққылар бағыттап, өте жақсы физикалық жағдайын көрсетті. 

Ал қарсыласы Рой Джонс ауыр соққылардан сәтті жалтарып, қорғанысқа көңіл бөлді. 

Қорытындысында екі боксшы арасындағы айқас төрешілер шешімімен (76-76/79-73/80-76) тең нәтижемен аяқталды.

Айта кетейік, 54 жастағы Майк Тайсон бұған дейін рингке қайта оралатынын жариялап, қарсылас ретінде 51 жастағы Рой Джонсты таңдаған болатын. 

Боксшылардың жасын ескере отырып, айқас өнер көрсету стилінде өтті. Сондай-ақ, әр раунд 2 минутқа есептелген. 

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Майк Тайсон өзін өте жақсы сезінетінін және қайта айқасуға дайын екенін жеткізді.

Бүгін Жұмекен Нәжімеденовтың туған күні
Елбасы туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу