Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан неге шығарылғанын айтты

Oinet.kz 02-12-2020 1155

Nur Otan партиясының экс-депутаты Нұржан Әлтаев партиядан неге шығарылғанын түсіндіру үшін баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Депутаттың айтуынша, ол Nur Otan-дағы әріптестері айтқандай партия тәртібін бұзған жоқ.

- (...) Мен партиялық тәртіпке, партия бағдарламасына құрметпен қараймын, бірақ Қазақстан халқына да үлкен құрметпен қараймын. Мен Nur Otan депутатының жылы креслосында қалу үшін халықтың проблемалары қарап, үндемей отыра алмаймын. Маған көмекке жүгінген адамдардың пікірлерін жеткізу үшін партия тәртібін бұзуға тура келді, - деді Әлтаев өзінің баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, экс-депутат оның "тәртіпті" бұзуына пандемия әсер еткенін айтады.

- Пандемияда көптеген адам қайтыс болғанда, халық көмексіз қалғанда (...) және сол кезде қомақты қаражат бөлініп жатқанда. Бірде-бір ел Қазақстан сияқты ақша бөлмеген шығар. Мен үндемей қоя алмадым, депутаттық сауалым сіздердің естеріңізде болар - премьер-министрді Парламентке шақырып, одан есеп беруін сұраған кезде. Бірақ, өкінішке қарай, ол депутат алдында есеп беруді жөн санамады. Оның жазбаша жауабында ештеңе де айтылмады, жалтарма жауап, - деді Әлтаев.

Оның айтуынша, Қазақстанға саяси реформалар қажет.

- Тәртіпті бұзуға қатысты айтылған осы мәселелерден соң партияда көп сауал туындады. Менің ішкі сенімім - бұл елге үлкен саяси реформалар қажет. (...) Бізде жемқорлық жыл сайын өршіп жатыр. Шенеуніктер халық алдындағы жауапкершілікті түсінбейді, . Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан неге шығарылғанын айттыолар оны тағайындайтын адамның алдында ғана жауапты, депутаттар да, облыс әкімдері де сондай (...). Сондықтан, Президент өңірлерге келгенде олар жиектастарды бояп, Президент өтетін жерге асфальт төсейді, ал халықтың қалай өмір сүріп жатқанына ол шенеуніктер мән бермейді, оларды алаңдатпайды. (...), - деді Әлтаев.

Осылайша, экс-депутат биліктегілерге сын қажет екенін және оларға проблемалар туралы айту керегін айтады. Сондай-ақ, ол өзін мемлекетке қарсы шыққан адам ретінде санамайтынын жеткізді.

Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен ХҚТУ-ға көмек келді
Әйелін тепкілеп, балағаттап, үстіне секірген ер адам видеоға түсіп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу