Экс-депутат Әлтаев бұрынғы жұбайымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты (видео)

Oinet.kz 08-12-2020 2515

Экс-шенеунік Нұржан Әлтаев бұрынғы жары Әлия Юсуповамен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайға берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Нұржан Әлтаев, Әлия Юсупова.png

Журналист Нартай Аралбайұлының: «Бірінші жұбайыңыз Алия Юсупова: «Балаларым әкесі Нұржан Әлтаевты іздемейді, сұрамайды да» - деп айтты. Сіз бұған не дейсіз? - деген сауалына экс-депутат өз жауабын берді.

- Мен жеке өміріме қатысты мүлде талқылағым келмейді. Өйткені, әрбір айтылған сөз ол ертең балаларға келіп тиеді. Оны айта алмаймын. Мүмкін солай да шығар. Бірақ енді бірнәрсе деп айта алмаймын. Ол жерде енді шындық аз болды. Өйткені, өзімде суреттерімді көрсетсем болады. Балалармен әрқашан кездесіп, Шымкентке барып, олар мені күтеді. Ойын-сауық орталықтарына апарып, сол жерде ойнап, қайтамыз. Енді ол жерде тағы да айта кетерім: Мен Әлияны қатты құрметтеймін. Өйткені қазақтың қызы, хылқымызды дүниеге паш еткен. Екі рет олимпиада чемпионы, мен оны білемін оның бәрі қаншама еңбек. Бірақ енді өмір сондай. Солай болып қалды. Біз ажырасып мен Астанаға көшіп кеттім. Ол Шымкент қаласында қалғысы келді. Көп мәселелер болды, енді оның ішіне қатты кірмей-ақ қояйын - дейді Нұржан Әлтаев. 

Бүгін - КСРО табытының соңғы шегесі қағылған күн
Алматының жаңа бас дәрігері тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу