«Өз жолын білу керек» - Жүрсін Ерман Дариға Назарбаева туралы айтты (видео)

Oinet.kz 14-12-2020 4031

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман әйелдердің билікке, басқарушылыққа келуіне қарсы екендігін жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Жүрсін Ерман, Дариға Назарбаева.png

Журналистің, "Қазақстанға әйел президент болса қалай болады?" - деген сауалына Жүрсін Ерман өз жауабын берді.

- Неге басқаруы керек? Қазақта еркек кіндіктен болмай қалып па? Қазақтың тарихын алып қарасаң, бір әйел патша болды ма, хан болды ма? Жоқ. Болмысымыз солай ғой енді. Осындай неше түрлі азаматтарды тудырып жатқан елді неге әйел басқаруы керек. Әйелдің аты әйел. Әйелді әйелдікке салып жіберетін ерлер болады, ұлттық мәселелерді, мемлекеттік мәселелерді шешу кезінде. Соған шын көңілім қарсы болған ойымды білдірдім. Сол кезде мәселе енді Дариға болып жатты ғой. Дариға кеп қалады екен деген. Мен Дариғаны жақсы құрметтеймін, сыйлаймын. Айтыстың алдын ашып берген адам Дариға. Менімен жеке келісім шарт жасап, тікелей эфир берді. Бірақ, өз жолын білу керек қой - дейді Жүрсін Ерман. 

Елбасыға арналған фильмнің жалғасы шығады
«Діни секталар қарамағына алып кетті» - Жүрсін Ерман Балғынбек туралы (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу