Мәселелер шешу алаңы кеңейеді

Oinet.kz 24-12-2020 804

«Nur Otan» партиясы атынан Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер М.Қалменов және Б.Есенбеков үгіт-насихат жұмыстарымен  Жылға ауылдық округінің тұрғыны Тойшиева Ханымай мен Алдиярова Анар апайдың отбасына барды.

image.png

Тұрғындардың отбасылық жағдайымен танысқан үміткерлер партияның бағыт-бағдарын баяндап берді.

Ауданның табысты дамуының кепілі – ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады. 

Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізуге; ауданның сауда объектілерінің 65 пайызын қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне; «Nur Otan» ашық талқылау және аймақ тұрғындарының мәселелерін шешу алаңына айналдыруға; төртінші деңгейлі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға; Қоғамдық кеңесте аймақ дамуының өзекті мәселелерін қарауға; аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге; жергілікті мәслихаттың құзіретін күшейтуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай «бір терезе» негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100%-ға, сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көрсеткіші 65%-ға жетіп, мемлекеттік қызметтердің 94%-ы автоматтандырылады. 

image.png

Осылай деп партияның сайлауалды бағдарламаның тармақтарын жіті түсіндірген партиялықтар, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы сайлауда белсене қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Әйел 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жіберген (фото)
Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу