Дизайнер Пьер Карден бақилық болды

Oinet.kz 30-12-2020 979

Белгілі француздық дизайнер Пьер Карден 98 жасында бақилық болды.

Пьер Карден.png

Карден сән әлемінің революционерлерінің бірі ретінде танылған еді. Ал оның «көпіршік көйлегі» 1954 жылдың өзінде тарихта қалған болатын.

Кутьюре сонымен қатар сән бизнесінде пионер болды: бірқатар өнімдерге өз атын беріп, олардан бренд жасап шықты.

Le Monde хабарлауынша, Карден 1922 жылы 2 шілдеде Италияның Тревизо қаласына жақын Сан-Бьадио-ди-Каллальтада дүниеге келген. Ол Францияда тігіншінің шәкірті болып жұмыс істеп жүріп, білім алған.

1940 жылдары Пьер Карден «Christian Dior» компаниясының киім тігу ательесін басқарады, ал 1950 жылы өзінің сән үйін ашады. Өз ісінің үздігі бола білген ол «көпіршікті көйлектерді» ойлап тапты, «прет-а-порте» тұжырымдамасын құрды, бірінші болып ерлер коллекциясын ұсынды және «унисекс» стилінің негізін қалады.

Карден Францияда және шетелде бірқатар беделді марапатқа ие болды, соның ішінде Құрметті легион ордені, Өнер және әдебиет ордені, Италияның «Ерен еңбегі үшін» ордені бар.

Назарбаев Сапарбаевқа алғыс білдірді
Алматы облысындағы трассада автобус сынып, жолаушылар жолда қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу