Cайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 05-01-2021 916

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Ержан Құдайберген Төлепұлы және Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Д.Омаров, Ғ.Нұрмаханова және Қ.Умирбеков Төлеби ауданы Достық елді мекені тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 

image.png

«Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерін халыққа барынша таныстыруды мақсат еткен үміткерлер Достық ауылында жаңадан салынған баспаналарды аралады. Мұнда 2020 жылы көктемгі сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынған. Қираған 9 үйдің мүшелері жаңа қонысқа көшірілген. 

image.png

Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан жалпы апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, қайта салынған болатын. Сел салдарынан жолдар мен көпірлер жарамсыз күйге түсіп, инфрақұрылым істен шыққан болатын. Апат салдары аз ғана уақыт ішінде толықтай қайта қалпына келтірілгенін кандидаттар атап өтіп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі бірінші орында. Тұрғындардың ұсыныстарын саралап, осы мәселелерді шешу жолында әрекет етуге дайынбыз. Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Бүгін Жандарбек Бекшиннің туған күні
«Ақсанат инжиринг» ЖШС ұжымымен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу