Оңтүстік ақындары Жаңа заң жобасына қарсылық білдірді(видео)

Oinet.kz 18-01-2021 1620

Оңтүстік бір топ ақындары жаңадан шыққан Отбасылық заңға қарсы екендігін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Оңтүстік ақындары.jpg

- Біз отбасылық зорлық-зомбылықтың қандай да бір түрі болсын қатаң айыптаймыз. Бірақ, осы бір атауды бет-перде қылып, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық менталитетімізге, әдет-ғұрпымызға, отбасылық құндылықтарымызға күйрете соққы беруді көздейтін, қазақы болмысмызды Батыстың батпағына тұншықтыратын заңға қарсымыз! Бұл заң түбегейлі қабылданып кетпеу үшін, барша қазақты үн қосуға шақырамыз. Егер бұл заңға жол берсек, біріншіден, сіз балаңыздың ата-анасы емес, жәй ғана асыраушысы болып қаласыз. Екіншіден, ата-ана ретінде дауыс көтеріп қойсаңыз балаңыздан бір жола айырылуыңыз мүмкін. Үшіншіден, ондай жағдайда балаңыз мемлекеттік мекемелердің емес, жекешеленген кризистік орталықтардың қарамағында болады. Төртіншіден, тұсау кесу, сүндеттеу сынды дәстүрлі әдет-ғұрыптарды балаңыздың рұқсатынсыз жасай алмайсыз. Бесіншіден, балаңыз жынысын ауыстырамын десе де, біржынысты некеге тұрамын десе де ата-ана ретінде қарсы шыға алмайсыз. Бұл біздің тамырымызға балта шауып, адам ретінде азғындатып, ұлт ретінде жойып жіберудің төте жолы емес пе!? Алтыншыдан, отбаслыық ішкі мәселелердің барлығы ішер асыңыз, киер киіміңіз, беретін тәрбиеңіз, тіпті үлкенді-кішілі ұрыс-керістеріңіздің барлығы мемлекеттік емес ұйымдардың бақылауында болады. Қысқасы, ыдыс-аяғыңыз сықыр етсе, есігіңіз тықыр еткелі тұр. Сіз мұндай жымысқы ұйымдардың заң арқылы жанұяңызға кіріп, айрандай ұйып отырған отбасыңызды іркіттей ірітуін қалар ма едіңіз! Біз Оңтүстіктің ақындары елжанды азаматтар ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин мырзадан ұлттық болмысымызға мүлдем жат, мұндай сорақы заңның қабылдануына жол бермейміз. Бабадан қалған дәстүр бойынша өз отбасымызға өзіміз ие болғымыз келеді - дейді Оңтүстік ақындары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Қажымұхан Абзалов (@q.abzalov)

Қылмыс әлемінің серкесі 19 жылға сотталды
«Елбасының құрметіне ескерткіш орнатуды ұсынамын» - Балтабек Нұрғалиев (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу