Әншілерді жинап жатқан Шымкент тағы бір жұлдызбен толықты

Oinet.kz 20-01-2021 928

OINET.KZ - Әнші, биші, тамада, әртіс қауымның үміттері үзіле бастады. Індетке байланысты тойханаларда аста-төк той жасауға әлі рұқсат берілмеді. Осыған байланысты өнер адамдары жұмыс іздеп жатыр. 

photo_102881.jpg

Биыл Шымкент мәдени ошақтарға өнер адамдарын жинай бастады. Мегаполистегі "жылы орындарға" жайғасқан Сәкен Майғазиев, Майра Мұхамеджанова, Ақбота Керімбековалардың қатары тағы бір жұлдызбен толықты. Ол - Мұрат Мұтұрғанов. 

Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі, педагог Өмір Шыныбекұлы Facebook парақшасында жариялады.

- Әлемге танымал цирк әртісі Мұрат Мұтұрғанов Шымкент циркіне қызметке келді. Мұрат секілді майталман маманның қаламызға келуін тек қолдауымыз керек, - деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы Мұрат Мұтұрғанов өзінің қалауымен Қазақ мемлекеттік циркі директорының орынбасары міндетін атқарушы қызметінен кету туралы өтініш жазған болатын. Себебі қол астындағы қызметкерлері Мұтұрғановтың іскерлігіне күмән келтіріп, оған қарсы шыққан еді. Шымкент қалалық әкімдігі Мұтұрғановқа екінші мүмкіндік беру керек деп шешкен сыңайлы.

Мәслихат депутаты: Әруақ ұратын болса сол кездегі құрылыс жүргізгендерді баяғыда ұрар еді ғой
Соңғы тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу