Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Oinet.kz 22-01-2021 1042

ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Жәнібек Нупиров Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің Баспасөз қызметінің өкілдері айтты.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы қызметінен бастады. 2000-2001 жылдары -Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы, бас қазынашысы. 2001 жылдан 2006 жыл аралығында Қаржы министрлігінің құрылымында бас маманнан бастап басқарма бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарды.

2006-2007 жылдары - ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары.  2007-2008 жылдары - ҚР ҚМ Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдістемесі департаменті директорының орынбасары.

2008-2010 жылдары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және болжау департаменті директорының орынбасары, Корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары, директоры. 

2010-2013 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2019 жылдары - ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі.

2019-2021 жылдары — ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы.

Мәскеуде Навальныйдың жақтастары ұсталды
Ерке Есмахан 667 мың теңге тұратын кроссовкасын көрсетті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу