Димаш Құдайбергенов қуанышты жаңалығымен бөлісті (видео)

Oinet.kz 14-02-2021 3404

Қазақстанды әлемге танытқан Димаш Құдайберген YouTube-тен "Алтын батырма" алды, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады.

Димаш Кудайберген.jpg

- Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!

Құрметті достар бұл бейнежазбаны түсіргендегі мақсатым сіздерге алғыс айту. Біздің ютуб арнамыздың оқырмандар, көрермендер саны миллионнан асып, ютубтан осындай тамаша марапатқа ие болып жатырмыз. Ең алдымен менің кішігірім өнеріме баға беріп, әрқашан да осы баланың болашағы жарқын болсыншы деп тілеуімді тілеп отырған, әрбір әлем бойынша тыңдармандарыма шын жүректен мың мәрте рақмет айтқым келеді. Осы сәтті пайдаланып менің шығармашылығыма ерекше атсалысып жүрген, әрбір, менімен жұмыс жасап жатқандарға ерекше алғыс айтқым келеді. Менің ұжымыма, менеджерлеріме, әрине ата-анама, туған-туыс, ағайын-бауырларыма, жерлестеріме алғыс айтқым келеді -дейді Димаш Құдайбергенов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

 

Бүгін Ескендір Хасанғалиевтің туған күні
Кейінгі тәулікте 772 адам коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу