Чехия-Германия шекарасында 30 шақырымдық кептеліс орнады

Oinet.kz 16-02-2021 794

Чехия мен Германия шекарасында ұзындығы 30 шақырымнан асатын жолда көптеген жүк көліктер кептеліске түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

германия.jpg

Бұған Германия билігінің шекараға кіретін адамдарды шектеуі себеп болып отыр. Ресми Берлин вирустардың таралуынан қауіптеніп отыр. Сондықтан шекарадан тек жергілікті азаматтар мен ел аумағы арқылы өтетін жолаушыларға ғана өтуге рұқсат берілген. Шекарадан өту үшін олардан арнайы коронавирусты анықтайтын тест талап етіледі. Сарапшылардың айтуынша, бұл шаралар кейбір өндіріс орындарына оның ішінде көлік жасау саласына кесірін тигізуі мүмкін. Себебі көптеген бөлшектер Шығыс Еуропадан тасымалданады.

  – Бізде қиын жағдай қалыптасып тұр. Вирустың таралуының алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Вирус жұқтырған жаңа дамдар Германияда, сондай-ақ көршілес елдерде де тіркелуі мүмкін. Сондықтан үкімет қатаң шараларға баруға мәжбүр, дейді  ГФР үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт.


Белгілі әзілкеш Тоқаевқа кеңес берді (видео)
АҚШ-та 3 миллион адам жарықсыз қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу