Түркістан: Нұротандықтардың араласуымен жайылым мәселесі шешімін тапты

Oinet.kz 25-02-2021 972

Screenshot_1.jpg

Жуырда «Хабар-24» телеарнасы арқылы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қаратөбе елді мекендегі жайылым жер дауы көрсетілді. Аталған сюжетте сөз болған тұрғындарының арыз-шағымы бойынша Төлеби ауданының әкімі Т.Телғараев сол ауылға барып, халықпен кездесті. Сонымен бірге бұл мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Төлеби ауданы филиалы жанынан партиялық бақылау комиссиясы тарапынан жедел мониторинг тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. 

Зерделеу жұмысына «Nur Otan»  партиясының Төлеби ауданы филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия  төрағасы Е.Жабаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Стамкулов, Кемеқалған ауылдық округінің әкімі Д.Дарибоев және бас маманы О.Усетаев қатысты. 

Зерделеу топ мүшелері  жер иелерімен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде олар жердің 47 гектарын егістікке, 20 гектарын жайылым ретінде өздері пайдаланып, қалған 127 гектарын  ауыл тұрғындарына уақытша  жайылымдық жер ретінде пайдалануға келісім берді. Аталған мәселе аудандық партиялық бақылау комиссиясының тұрақты бақылауында болады.

Түркістан облысындағы партия белсенділері тағы да бір өзекті мәселеге араласты. Жоғарыда аталған телеарнадан Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында жаңадан салынған екі қабатты үйдің мәселесі көрсетілді. Ауыл тұрғыны  Дариға Дүйсенбаева жоғарғы қабаттағы пәтерлердің іші намданып, үйдің іші жылымайтындығын және шатырдан су ағатындығын айтып, шағымданған болатын. 

Screenshot_2.jpg

Бұл түйткіл бойынша «Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл үйде газ, жылу және ауыз су мәселелері толық шешімін тапқаны, алайда ғимараттың ішкі бөлмелері көгергендігі анықталды. Тұрғын үй әлі толығымен аудандық тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің балансына өтпеген. Комиссия мүшелері тарапынан аудан әкімдігіне сәуір айының соңына дейін барлық кемшіліктерін жою және тұрғын үйді қабылдау жөнінде ұсыныс берілді. Мәселе толық шешімін тапқанша партиялық бақылауда болады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

М.ӘЙТЕНОВ: Фосфоршылар сарайы Жастар сарайына айналады
Соңғы тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу