Бүгін әскерге шақыру басталды

Oinet.kz 01-03-2021 802

Бүгін Қазақстанда Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс азаматтарды әскерге шақыру басталды. Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мәлімдеді, деп жазады Oinet.kz.

ант беру.jpg

Биыл 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы азаматтар Отан алдындағы әскери борышын өтемек. Әскерге шақыру биыл шілде айында аяқталады.

Полковник Сәкен Жүсіповтің айтуынша, биыл коронавирустың таралу қаупін азайту үшін әскерге шақырылғандардан екі рет ПТР тест алынады. Яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде пункттерде ПТР тест тапсырады. Екпе  салынады. Азаматтарды хабардар ету үшін 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіледі.

Департамент басшысы Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандар жауапқа тартылатынын айтты.

1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады

Әскерде жүрген дүнгендер әлімжеттік көрді ме?

Қарағанды облысындағы 18 жастағы сарбаз өлімінің себебі белгілі болды

«Ақша беріп, жалған уәде берген адамдардың көмегімен әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселесін шешуге тырыспаңыз. Халықтың бейхабар екенін пайдаланып, онсыз да әскерге шақыруды кейінге қалдыруға болатын жағдайды пайдаланып қалатын алаяқтардың әрекетінен сақ болыңыз», – деді Сәкен Жүсіпов.

Оның айтуынша, «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық офистерінен барлық мәліметті алуға болады. Әскери қызметке шақыру туралы білу үшін Қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Биыл ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерге шақыру науқанының басталуы туралы Жарлыққа қол қойды.

Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады
Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам Ақтөбеде ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу