«Елтаңбаны өзі көтеруі керек еді» - Амандық Баталов

Oinet.kz 03-03-2021 2010

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есептік кездесуінде жерге құлаған Елтаңба үшін қол астындағыларға жекіген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың әрекетіне пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

Баталов пен Назарбаев.jpg

– Ол ұят. Бердібек Мәшбекұлы менің досым, үлкен азамат. Мен оны былай жасамады, былай жасады деп айтпаймын. Енді сондай жағдай болды. Әркімнің реакциясы әртүрлі. Мен, мысалы, қаншама зат құлайды, өзім волейболшымын ғой, құлатпай қағып алар ма едім, бәлкім. Түсінесің бе? Әрине, мынаны ал деген дұрыс емес. Ол өзі көтеруі керек еді. Бұл оның қателігі. Бірақ оған бұл әрекетімен баға беруге болмайды. Ол керемет адам, нағыз патриот. Мен оны білемін. Елбасы қиын жағдайларда қай жерге жіберген жоқ?! Барды да, күн-түн демей, өз-өзін аямай жұмыс істеп жүрді. Мен оның керемет жүрегін, керемет патриот, керемет адамгершілігін өте жақсы білемін, – деді әкім.

Жантүршігерлік жол апаты салдарынан 7 адам қаза болды (видео)
Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу