"Я тебя кончу" Шымкентте полицейлер журналистерге қол көтерген бе?

Oinet.kz 05-04-2021 987

Бүгін Шымкент қаласында бір топ журналистер қалалық полиция департаментінің алдына жиналды. Себеп - құқық қорғаушылар журналистердің құқығын таптаған. Яғни тілшілерге қызметін атқаруға кедергі келтіріп, қол жұмсауға дейін барған. Бұл туралы "КТК" арнасының тілшісі Бек Абиев мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

23cdeae1-984a-4937-9000-05b5df8456b9.jpg- Біз кеше бір түсірілімге бардық. Ол жерде (полицейлер -автор) біздің пресса екенімізді көріп тұр. Микрофон ұстап жүрміз. Соны көріп тұрып олар әріптесім Бахром Абдуллаев-тың  қолын жұлқылап, қолын қанатты. Қолындағы қолшатырын сындырды. Дилара Исаның (Азаттық радиосының тілшісі - автор) телефонын алып қоймақшы болды. Бахрам Талибжанов-қа (Астана арнасының меншікті тілшсі - автор) келіп: "Я тебя кончу" деп қорқытты. "Мен сені өлтіремін" деді.

Полицияға сәл қол түртсең заң бар. Сындырады. Ал журналистер тырнақшаның ішінде "қорғалғанбыз". Журналистерді ұрған кезде заң жүрмейді. Әсіресе Шымкентте. Егер біз үндемей қалсақ, полцейлер бізді ұрып-соғуды жалғастыра береді, - деді Бек Әбиев. 

Ал полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов егер қызметкерлері расында журналистерді ұрып-соққан болса кешірім сұрайтынын айтты.

Screenshot_1.jpg

Еске сала кетейік, осыдан бірер ай бұрын қаладағы «Тұлпар» базарындағы өртті түсіру үшін барған «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Бахрам Талибжанов пен «31 арна» телеарнасының тілшісі Бахрам Абдуллаевқа тәртіп сақшыларының күш қолданғаны, ол бойынша тергеу амалдарының басталған еді. 

Жақында осындай оқиға тағы қайталанды. Өткен сенбіде қаланың түбіндегі Алтынтөбе елді мекеніне тұрғындардың наразылығын түсіру үшін барған. Полицейлер олардан оқиғаны түсірмеуді талап етіп, қол жұмсауға дейін барған. 

Осыған байланысты тиісті іс-шаралар қолға алынды.   

«Диссертацияны онлайн форматта қорғауға болады» - Асхат Аймағамбетов
Кәсіподақ мүшелері марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу