Өскеменде 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Oinet.kz 02-05-2021 1164

Өскеменде бір күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім іздестіруде.

Screenshot_1.jpg

Қалалық полиция бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жасөспірімді табу үшін қажетті іздеу шараларының барлығы жүргізіліп жатыр. 

"Кеше, 30 сәуір күні, кешкі сағат алтыда, 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған Рустам Слембаев үйінен шығып кеткен. Содан кейін бала үйіне оралмады", - дейді полиция.

Тәртіп сақшылары жасөспірімді соңғы рет Красин ауылында көргенін түсіндірді.

Руслан Слембаевтың бойы 150-160 сантиметр, дене бітімі арық, ақшыл, қысқа, ашық қоңыр шашты, көк көзді.

Ол сұр сырт киім, бейсболка, қара сұр спорт костюмін киген. Ол көк түсті велосипедпен шыққан. 

Ахмет Ясауидің ағасы Садыр шайық Сыр бойына неге қоныс аударды?
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу