Қанат Әлжаппаров айтысты қорлағанына ұялатынын жеткізді

Oinet.kz 11-05-2021 1616

Танымал жайдарманшы, "Әзіл әлемі" театрының актері Қанат Әлжаппаров айтысқа шыққан кезін еске алды. Аман Тасығанға берген сұхбатында ол қазақтың брендіне айналған айтысты мазақ қылғанына өкінетінін жеткізді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Қанат Әлжаппаров.jpg

Еске сала кетейік, 2015 жылы "Хабар" арнасынан "Жұлдыздар айтысады" шоуы көрсетілген болатын. Осы шоуда Қанат Әлжаппаров айтыскер Сара Тоқтамысовамен сөз жарыстарады. Сонда Қанаттың айтысқа немқұрайлы қарауы көпшілікті ызаландырған еді.

- Ринат Зайытов мені "Әліппеден" басқа кітап оқымаған деп сынады. Дегенмен мен Ринат ұрысқан кезде қуандым. Айта кетейін, айтысты ұйымдастырушыларға: "Айтысқа ақындар айлап, жылдап дайындалады. Біздікі, әншілер мен әртістердікі ұят болып кетпей ме? Айтысты мазақ еткен сияқты болып қалмаймыз ба?" деп айттым. Ұйымдастырушылар "жоқ" деді. Сонда мен "жарайды, сөзін жазайық, дайындалайық" дедім. Ақындарға сөз жаздырттым. Олар нағыз ақындар сияқты жазып берді. Бұны мен айтсам жасанды болып кететінін сезіп, інілеріме қайта жаздырттым. Бірінші айтыс халыққа ұнады. Күлкі жағынан, юмор жағынан болсын. 

Бірақ екінші рет "тағы да осылай болады" деп дәнігіп шыққан едім, осы озбырлық болды. Айтысты қорлау болды. Аманжол Әлтаев ағамыз "Қанат қазақ халқынан кешірім сұрасын" деп жазды. Ринат та сынады. Сол кезде айтысты қойып кеттім (әзілдеп), - деді актер.

Басына кәстрөл киген бір жарым жасар бала құтқарылды
Серік Елемесұлы тікелей эфирде сұхбат берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу