ҚМДБ Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

Oinet.kz 12-05-2021 846

ҚМДБ Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz.

Ораза айт.jpg

ҚМБД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамырда бүкіл елімізде Ораза айт намазы мешіттердің аулаларында оқылады (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің Қаулысы бойынша рұқсат етілсе).

Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беру ұсынылады:

- Бетперде (маска) тағу;

- Үйден дәрет алып келу;

- Намаздан соң қол беріп амандаспау;

- Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;

- Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;

- Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

ҚМБД барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырады.

- Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет. Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан сақтап, жұқпалы індеттен аман еткей! Әмин! - делінген хабарламада.

«Біз болашақ ұрпақтың несібесін жеп жатырмыз» – депутат
Анасын ұрған қыз өз ісінің дұрыс емес екенін мойындады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу