Мамин франциялық атом компаниясының басшысымен кездесті

Oinet.kz 14-05-2021 1063

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "Orano" директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Oinet.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Асқар МАМИН.jpg

К.Имовен Үкімет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі "КАТКО" Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының ҚР-дағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

А.Мамин "КАТКО"-ның ҚР-да уранды қайта өңдеу бойынша ғылыми әзірлемелерге, заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ адами капиталдың сапасын арттыруға инвестиция салуының маңыздылығын атап өтті.

Танымал блогер көшеде кезіккендердің несиесін жауып берді (видео)
Қайтыс болған тұрғынның мәйітін иті кеміріп тастаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу