Диляра Қайдарова Төлеби аудандық ауруханасының емханасына шолу жасады

Oinet.kz 05-06-2021 1278

Бүгін Төлеби аудандық ауруханасының емханасына Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор, академик Диляра Қайдарова шолу жасады. 

Screenshot_1.jpg

Шолу барысында, бірінші рет емханаға келген науқастардың жүру маршрутына көңіл бөлді, яғни дәрігерге дейінгі кабинеттің жұмысын қарап шықты, сонымен қатар онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатымен жүргізіліп жатқан скрининг барысын, оның сапасына, обыр алды ауруларының қаншалықты дер кезінде анықталуына көңіл бөлді. 

Сонымен бірге, ауданымызда диспансерлік есепте тұратын 356 онкологиялық аурулардың уақтылы емін алуы, паллиативтік емнің аудандағы деңгейі жөнінде және Түркістан облысы аудандарында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстарын жақсарту мақсатында бірқатар мәселелер талқыланды. 

Заманбек Нұрқаділовтың өлімінен соң Мақпалға шабуыл басталды - Қалдыбек Құрманәлі
СҚО әкімі Петропавл қаласының атауының өзгертілуі қатысты сұраққа жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу