Мемлекеттік қызметшінің беделі – мемлекет беделі

Oinet.kz 21-06-2021 904

2021 жылғы 21 маусым күні Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Серік Елемесұлы Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі, «Кәсіптік одақтар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарындағы еңбек қатынастары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Screenshot_6.jpg

Кездесу «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесінің қарсаңында өтіп жатқандықтан мемлекеттік қызмет мәселесіне көбірек тоқталды. 

Атап айтқанда, аталған мемлекеттік қызмет мәселесі ең алдымен «Қазақстан – 2030» стратегиясынан бастау алып, оған байланысты заңдылықтардың қабылдануы, «Қазақстан - 2050» стратегиясының негізінде заңдылықтардың одан әрі жетілдіре түсуінде. 

Осы орайда, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері де сүбелі үлес қосып келеді.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсаны қорытындысымен Мемлекеттік бюджет жоспары 103 пайызға орындалып, есепті мерзімде бюджетке 374 млн.теңге артық қамтамасыз еткен. Оның ішінде: республикалық бюджет бойынша бекітілген жоспар 100 пайызға, ал жергілікті бюджет бойынша бекітілген жоспар 106,5 пайызға орындалып, бюджетке 376,6 млн.теңге артық ѳндірілген.

Түсімдердің өсу қарқыны бойынша жалпы мемлекеттік бюджет 146,1% орындалған немесе бюджетке 4 046,5 млн.теңгеге артығымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде: республикалық бюджет бойынша түсімдердің өсу қарқыны 246,9 % орындалған немесе 3 969,4 млн.теңгеге артық қамтамасыз етілген. Ал, жергілікті бюджет бойынша түсімдердің өсу қарқыны 101,3 % орындалған немесе бюджет 77,1 млн.теңгеге артығымен қамтамасыз етілген

Мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, басшылық құраммен және ұжым қызмткерлерінің қатысуымен брифингтер, танымал платформаларда вебинарлар мен тікелей эфирлер, сыбайлас жемқорлық   көріністерінің алдын алуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Басқарманың Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері конкурсқа қатысушы кандиттармен әңгімелесу отырысына байқаушы ретінде қатысып, оң пікірлерін білдіріп отыр.

Қоғамдық жұмыстарда ұжым қызметкерлері қалалық сенбіліктерге қатысып, белгіленген аумақта қала көшелерін санитарлық тазалау,  қоқыстардан тазалау, жиналған қоқыстарды шығару жұмыстарын жүргізуде.

Мәдени-спорттық шараларда: Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық басқармалары қызметкерлерінің денсаулығын көтеріп, дене шынықтыру  мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген спартакиада волейбол, үстел теннисі спорт жарысы түрлеріне қатысып жүлделі орынды иеленіп келеді.

Кәсіподақ ұйымы тарапынан 24 қызметкерге 220,0 мың теңге көлемінде отбасылық жағдайларына байланысты қаржылай материалдық көмек көрсетіп,  4 қызметкерге тегін және 2 қызметкерге жеңілдікпен Манкент және Сарыағаш шипажайларына жолдамалар берілген.

Басқарма әкімшілігі мен басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымы Рамазан айында тұрмысы төмен, көп балалы батыр ана, жалғыз басты ана мен жалғыз басты әке, асыруашысынан айырлған, мүгедектік топтағы, мүгедек балалары бар отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсеткен.

Атап айтқанда, 6 отбасыға 15,0 мың теңгелік азық-түлік себеттері, нақтылай 2 отбасыға 15,0 мың теңгеден ақшалай көмек берілген. Оның ішінде, 1 отбасы осы басқарманың кәсіподақ мүшесі. Жалпы 8 отбасына 120,0 мың теңге көлемінде қайрымдылық жасады.

Қорыта келгенде, басқарма ұжымының атқарған жұмыстары «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымына» лайықты деп айтуға толық негіз бар.

Қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы  және Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бағдаулет Төлебайұлы Әшенов «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай құттықтау сөз сөйлеп, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.

Атап айтқанда: филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің ақпаратын қабылдау мен өңдеу орталығы бөлімінің басшысы Бақыт Бегманұлы Болатбеков, филиалдың «Құрмет грамоталарымен» Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Кенжеұлы Тағаев,  Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы Сәуле Ілиясқызы Рысқұлова, филиалдың «Алғыс хаттарымен» Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің бас маманы Гүлжан Нұрсейітқызы Әтенова, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Нұрбек Толғанбекұлы Әжіғұлов және Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Әсілбекқызы Әсембекова «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Мерекелік жиынның соңында басқарманың басшысы Бағдаулет Төлебайұлы Әшенов барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, салалық кәсіподақтың көрсеткен құрметіне ризашылығын білдірді.

«МАҚСАТЫМЫЗ БІР» облыстық семинар-тренингі өтті
Елордада коронавирустың Үнді штаммы анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу