Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары қорғалды

Oinet.kz 29-06-2021 978

Шымкентте Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссияның кезекті отырысында кәсіподақ мүшелерінің құқықтары қорғалды. Отырыста қала аумағында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек дауларын болдырмауға бағытталған жұмыстар, үш жақты комиссияның өткен отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы қаралды. 

Screenshot_1.jpg

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың төрағалығымен өткен отырысқа «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, салалық кәсіподақ төрағалары, көтерілген мәселе төңірегіндегі жауапты сала басқармалары мен мекемелердің өкілдері қатысты. 

Бұған дейін Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығында өткен үшжақты комиссияның сыртқы отырысында аутсорсинг бойынша мәдениет саласында еңбектенетін қызметкерлердің жұмыстан қысқартылу қаупі бар екені кәсіподақ мүшелері үшін алаңдаушылық тудырғаны айтылған болатын. Аталған отырыста мәдениет саласында техникалық қызмет көрсететін мамандарды (еден жуушы, аула тазалаушы) аутсорсингке беріп, қысқартуға ұшыраған қызметкерлерді жұмыссыз қалдырмау мақсатында тазалық жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жолдарын қарастыру ұсынылып, 1 ай көлемінде жауап беруді сұраған. 

Бүгінгі отырыста қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Демеуғали Бақов бұл мәселе толыққанды қаралып, мәдениет мекемелерінің аутсорсингке өтуі тиімсіз екенін жеткізді. Аутсорсинг компаниялары күнделікті белгілі мерзімде ғана тазалап кететіні және қосымша шақырылған кезде қосымша қаржы төлеу керектігі және мәдениет мекемелері аутсорсингтен бас тартып отырғаны айтылды. Осыған байланысты ешкім де жұмыстан қысқартылмайды. Кәсіподақ мүшелерін алаңдатқан мәселе толыққанды шешімін тапты.

Сондай-ақ, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Текебаева Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығында өткен үшжақты комиссияның сыртқы отырысында көтерілген мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі қызмет ететін кәсіподақ мүшелерінің жалақыларының уақтылы төлеу мәселесі бойынша барлық қызметкердің жалақысы төленгенін және бүгінгі таңда бұл мәселе де толық шешімін тапқанын жеткізді.

Сонымен қатар, білім мекемелеріне айыппұл салу мәселесі толыққанды қаралып, шешімін тапқан. Енді бұдан кейін білім мекемелеріне айыппұл салу мәселесі тоқтатылды.

Бұдан бөлек, №1, №2, №4 музыкалық мектептер және Өлкетану, туризм және экологиялық орталығы ғимаратының еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру жөнінде іс-шаралар жүргізіліп, жоғарыда аталған оқу орындарының талаптарына сәйкес, жаңа орындарға көшірілді. Осылайша, көтерілген мәселелер толыққанды шешімін тапты.

Айта кетейік, әр көтерілген мәселеге жеке тоқталып, қосымша толыққанды ақпараттар әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде комментарий беріліп, жарияланатын болады.

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

«Таңғы 7-де тұрмайсың»: Енесі мен келіні балалардың көзінше төбелесті
Жамбыл облысында құрғақшылықтан мал қырылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу