Танымал шопан Алмасбек Садырбеков Бас мүфтиге үндеу жасады

Oinet.kz 12-07-2021 1746

Танымал шопан Алмасбек Садырбеков Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына үндеу жасады. Бұл туралы ол Қазақстан ұлттық арнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында айтты.

image.png

- Құрметті айналайын бауырларым! Жақында бізде айт келе жатыр. Біз қазақ елі садақамызды жасап болдық. Міне мыңдаған мал қырылып жатыр. Осы Оразаға арнаған қаражатты одан да сол Маңғыстау мен Қызылордаға жіберейікші. Бас мүфтиге ұсыныс пәтуа шығарса екен. Бір тірі малды алып қалғанның өзі де сауап деп. Сондықтан биыл жөн жоқ малды соймайық. Керісінше бар малымызды сақтап қалайықшы. Сондай ұсыныс бүкіл елге, бүкіл жұртқа. Ақша шығарамыз ғой қалтамыздан. Одан да байғұс бір айлық құлындардың өмірін алып қалайықшы. Аналық малды алып қалайықшы. Мынаны тоқтату керек. Пандемияда Ораза айтты тоқтаттық қой, пәтуа шығарды. Мынаған бас мүфти пәтуа шығарсыншы. Соны қолға алсыншы. Бұл да Қызылорда мен Маңғыстауға көмек болар еді - деді белгілі шопан. 

Еңбек министрлігі еліміздегі орташа зейнетақы көлемін атады
Тәуекел Мүсілім: Жас әйел алсаң жасарып жүресің
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу