Мәжіліс депутаты арендалық көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысымен танысты

Oinet.kz 12-07-2021 1757

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов  Қаратау ауданының аумағы Әкімшілік-іскерлік орталығындағы Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасына енген 6 арендалық көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысымен танысты. 

0e903598-d743-4f56-8789-35d41a464b1b.jpg

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 45 207 азамат (жыл басында 42 269) тіркелген. 

Оның ішінде:

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 1 737;

Көпбалалы отбасылар – 8 237;

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 15 448;

Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 19 758;

Жалғыз тұрғын үй апатты жағдайда деп танылған азаматтар – 27.

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары бойынша 2021 жылдың басында 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. 

Оның ішінде:

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 60;

Көпбалалы отбасылар – 378;

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 238;

Жұмыс істейтін жастар – 300.

0dbe28f0-2074-41ca-8f62-6a2eac3599a7.jpg

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Жұмыс істейтін жастарға 300 пәтер беріліп, жалдау шарттары толығымен берілген. 

Сондай-ақ, 308 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі қабылданып, жалдау шарттарын беру толығымен аяқталған.

Оның ішінде:

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 18;

Көпбалалы отбасылар – 148;

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы –142.

Қалған пәтерлер қалалық Құрылыс басқармасы тарапынан пайдалуға тапсырылуына сәйкес азаматтарға берілетін болады.

Ал, 2021 жылдың соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету  үшін 1580 пәтер сатып алу жоспарланған.

Оның ішінде:

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 48;

Көпбалалы отбасылар – 444;

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 188;

Жұмыс істейтін жастар – 900.

Пәтер сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттен 22,5 миллиард теңге қаржы бөлінген. ҚР Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарланған жұмыстар жүргізілетін болады. Қазіргі таңда, Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы пәтер сатып алу бойынша конкурстар жарияланды.

Тәуекел Мүсілім: Жас әйел алсаң жасарып жүресің
«Сені тоққа салып, ағаларыңды мүгедек қыламыз» - «Завучтан» зәбір көрген келіншек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу