Танымал бапкер қазақстандық боксшылар неге жаппай жеңіліп жатқанын айтты

Oinet.kz 28-07-2021 9360

Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен бапкер Тұрсынғали Еділовтен Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктер жайлы пікірін ЭК басылымына білдірді.

Screenshot_3.jpg

Азия чемпионатына апармау керек еді...

Бұған дейін Дубайдағы Азия чемпионатына апармау керек еді деп айтқанмын. Өйткені бесеуі финалда жеңілді. Ол жігіттердің барлығы — жүлдеден үміткер боксшылар. Дәл Токионың қарсаңында мұндай жеңіліс психологиялық ауыр соққы болды. Ешқандай маңызы жоқ, лицензиялық емес құрлық біріншілігіне негізгі құрамда жібергеніміз, қалай десек те, дұрыс емес.

Боксшыларды зорықтырып жіберген

Боксшылардың әбден сілікпесі шыққан. Өйткені оларды жыл бойы оқу-жаттығу жиындарына апарып зорықтырған. Жыл басында құрама екіге бөлінді. Бір бөлігі АҚШ-қа, екінші жартысы Кубаға кетті. Одан кейін көктемде Кисловодскіге барды. Жарыс жоқ, тек шет мемлекеттерде оқу-жаттығу жиындары өте берген соң, балалар шаршаған. Көздерінде от қалмаған. Құлшынып тұрған ешкімді көрмедім. Арасында кейбіреулерін кәсіпқой бокстың рингіне де шығарды.

Орыстар "Лучше не добрать, чем перебрать" дейді ғой. Сондықтан күшті соңына дейін сарқып бітіргенше, бірдеңе қалдырған дұрыс еді.

Шымкент: Ұлттық халық санағының дайындық кезеңі аяқталды
Қуаныш Шонбай: Оралмандар мен шымкенттіктер болмаса, Қазақстанда кәсіпкерлік дамымас еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу