Тәліптер Ауғанстандағы Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді - СІМ

Oinet.kz 20-08-2021 634

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Ауғанстандағы Қазақстан елшісі тәліптермен ("Талибан" қозғалысына Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған) сөйлескені туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Талибы.jpg

- "Саяси деңгейде байланыс болған жоқ. Бірақ Кабулдағы елшілігіміз мәліметінше, "Талибан" қозғалысы Кабулды басып алған кезде, олар сол жерге барған, олардың кейбірі біздің елшілік орналасқан аймаққа кірген. Ол кезде күзетшілер болмаған.

Тәліптер келгенде, елші олармен сөйлесуге шықты. Олар: "Сіз кімсіз? Қай елшілік?" - деп сұраған. Елшіміз Қазақстан елшілігі екенін айтты. Олар: "Ештеңеден қорықпаңдар. Бұрынғыдай жұмыс істей беріңдер. Біздің қорғауымызда боласыңдар" деген. Содан бері олар біздің елшілікті күзетеді. Әзірге тек осы деңгейде байланыс болды", - деді Ақан Рахметуллин ОКҚ онлайн-брифингінде.

Екпені кезек күттірмей салдырған жөн
Қазақстанда КЕҰ үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар байқауы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу