Өрт сөндірушілердің жарылысқа дейінгі және жарылыстан кейінгі видеосы пайда болды (видео)

Oinet.kz 28-08-2021 6525

31 арна тележүргізушісі, белгілі журналист Ирина Советжанқызы Жамбыл облысында жарылыс алдындағы және жарылыстан кейінгі видео жүктеді. Бұл видео журналистің Instagram парақшасында жарияланды.

image.png

- Бірінші видео — олардың аман кезі. Екінші видео — оқиға орны. Адам түгілі, өрт сөндіру көліктерінің де түгі қалмаған. Оқ дәрі жатқан қоймада алапат жарылыстың болатынын біле тұра онда өрімдей жастарды жіберу — кімнің бұйрығы? Ең болмаса, қаза тапқан ұлының, бауырының соңғы бейнесін де көре алмай қалған азалы елді, баласының шашылған денесін ДНК өткізіп, танып жатқан ата-ананы жұбатарға сөз жоқ(. Бақұл болыңдар, батырлар - деп жазды журналист. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

БАҚ өкілдеріне жалпыұлттық аза тұту күніне ұсынымдар
«Таразда үйлерді тонап жатыр» - белгілі журналист (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу