«Үйден шықпайтын» - Пермьдегі атқыштың анасы баласы туралы айтты

Oinet.kz 21-09-2021 559

Пермь мемлекеттік университетінде атыс шығарған бірінші курс студенті Тимур Бекмансуровтың анасы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Әйел Mash Telegam-арнасына берген сұхбатында бұл жағдай есеңгіретіп тастағанын айтты. Оның айтуынша, ол ұлының мінез-құлқынан ешқандай оғаш қылық байқамаған.

Әйел ұлын соңғы рет 20 қыркүйекте таңертең көргенін, ол әдеттегідей ұлымен амандасып, кейін жұмысына кеткенін айтты.

- "Ешқандай дау-жанжал болған жоқ, бәрі тыныш және қалыпты. Балаға қарым-қатынас жақсы болды. Ол үйдің адамы, тыныш және сабырлы, үйден шықпайтын, жаман ештеңе жасамады. Ол сирек қыдыратын, көбіне үйде отырады", - деді Наталья Бекмансурова.

Оның айтуынша, баланың әкесі бөлек тұрған, бірақ үнемі ұлымен хабарласып тұрады. Отбасы үш жыл бұрын көшіп келген 12-қабаттағы пәтерге де тінту жүргізілген.

Пермь мемлекеттік университетіндегі атыс 20 қыркүйекте таңертең болған. Оны бірінші курс студенті Тимур Бекмансуров ұйымдастырған. Алты адам мергеннің құрбаны болды, тағы ондаған адам жарақат алды. Ұстау кезінде студентке полицей оқ атып, жаралады. Қазір Бекмансуров реанимацияда жатыр.

Өзіне қол жұмсаған ауыратлет Альберт Линдердің жаттықтырушысы мәлімдеме жасады
Алматыда атыс ұйымдастырған жігіт өмір бойына сотталуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу