Қаза болған учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев туралы әріптесі айтып берді

Oinet.kz 22-09-2021

Қаза тапқан учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев туралы әріптесі Жеңісбек Сыдық әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Ақбұлақ ықшамауданы Дархан Сүлеевтің бақылауында болған, ал Нұрбол Байғазиев бұрын сол аумаққа жауапты болғандықтан әріптесіне көмектесуге барған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

image.png

- "Сүлеев Дархан бұл қызметке бір ай бұрын келген. Ол ЕҚКБ департаментінен ауысты. Хабар келгенде бірден барлық учаскелік инспектор сол жерге бет алдық. Нұрбол бұл учаскені білгендіктен жай ғана көмектесуге кеткен. Ол ашық-жарқын адам болатын", - деді Жеңісбек Сыдық.

Жеңісбек Сыдықтың айтуынша, Нұрбол Байғазиев қарапайым жалдамалы пәтерде тұрған, оның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Жақында марқұмның әйелі инсульт алды.

Байден жаңа пандемияға дайындалуға шақырды
Пермь университетінде атыс шығарған студенттің аяғы кесілді - БАҚ


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×