«Түркиядан үй алған әншілер енді елге қайтатын шығар»

Oinet.kz 22-09-2021 3085

Screenshot_4.jpg

Көрнекі фото

Той - қазақтың қазынасы деген бір бишара сөз бар. Қайдағы қазына? Итшілеп, тыраштанып тапқаныңды бір мезетте шашу ғой. Той өтеді. Сосын көлшігі тартылып балшықта қалған бақадай бақылдап қаласың. Анау жетпейді, мынау жетпейді. Несие кеп екі бүйірден қысады кеп. Тегі өз басым тойға барып демалып қайтқан адамды көрмедім. Барасың, шаршап-шалдығып қайтасың. Баяғыда ауылда екі-ақ той болатын. Үйлену той және «провод». Соңғысы қызық. Кіре алмай сыртта жүресің. Сонысымен де қызық. Қазір тойдың түр-түрі шықты. Кейбір таныстар сондай тойға шақырды. «Темасын» түсінбей жынды болдық. Пандемия басталғанда осы тойдың тоқтағаны ғана қуантты. Алматы мен Талғар жолының бойындағы самсаған тойханалардың есігі жабылды. Бойды «злорадство» кернеді. Міне бүгін той жасауға ресми түрде рұқсат берді. Дарақылықтың бәйгесі қайта қыза түседі. Айтпақшы, Түркиядан үй алған әншілер енді ауылға қайтатын шығар.

Қанат Тілеуханның Facebook парақшасынан

Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан азаматтардың құрметіне мурал салынды (видео)
Дариға Назарбаева Маминге маңызды сауал жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу