«Қателігімізді түсіндік»: Жанәбіловтердің ісі аяқталды

Oinet.kz 28-04-2026

Кеше ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі аяқталды. Үкім жарияланғаннан кейін олар сотқа, прокуратураға және қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.png

Блогерлердің адвокаты Гауһар Айтжанова сот барысы түсірілген видеоны жариялап, істің толық аяқталғанын мәлімдеді.

Эльмира Төлегенова өз сөзінде қателіктерін түсінгенін айтып, мұндай жағдайды қайталамауға шақырды және қолдау білдірген жұртшылыққа ризашылығын жеткізді.

“Біз сотқа, қабылданған шешім үшін прокуратураға алғыс айтқымыз келеді. Сондай-ақ бейжай қарамай, қолдау білдірген, бізге деген ықыласы мен сүйіспеншілігін сездірген барша отандасымызға рақмет айтамыз. Туыстарымыз сіздердің тілектеріңізді оқып, бізге жеткізіп отырды. Тіпті Гауһар Алтынбекқызы да үнемі “Жұрттың бәрі сіздерді қолдап жатыр” деп айтып жүрді. Біз өз қателігімізді түсіндік. Мұны қайталамаңыздар. Сондықтан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз”, – деді ол.

Ерболат Жанәбілов те оқырмандар мен қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді.

“Барлық оқырманға және бізді қолдаған жандарға көп рақмет”, – деді ол.

Іс материалдарына сәйкес, блогерлер лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысып, заңсыз табыс тапты және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген айып тағылған.

Сот барысында 2026 жылдың 13 наурызында іс қарала бастағаны, сот отырысы жабық өтпегенімен, БАҚ-қа фото және видео түсіруге шектеу қойылғаны айтылды.

27 сәуірдегі тыңдауда прокурор жаңа жаза түрлерін сұраған: Ерболат Жанәбіловке 2 жыл шартты жаза, ал Эльмира Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылған.

Соңында сот үкімімен Ерболат Жанәбіловке 2 жыл шартты жаза тағайындалса, Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу