Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады (видео)

Oinet.kz 02-10-2021 1523

Білім және ғылым министрі Асхат Аймаеғамбетов қазақстандық мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz.

аСХАТ аЙМАҒАМБЕТОВ.png

- Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин былай деген екен: Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де қымбат. Өйткені ол мектептің жүрегі. Сондықтан, бізге әртүрлі мектептер, әртүрлі зәулім ғимараттар , керемет құрылғылар болуы мүмкін, бірақ бізге өте мықты, өз жұмысын сүйетін, жан жақтан қорғалған мұғалімдер қажет. Сондықтан, мұғалімдердің мүдделерін қорғап, әрі қарай аянбай балаларға жұмыс істеу үшін біз де аянбай жұмыс жүргізетін боламыз. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында заң қабылданды. Қазір жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін. Дендеріңіз сау болсын! - деді Асхат Аймағамбетов.

Өткен тәулікте 2 058 адамнан коронавирус анықталды
Грузияның экс-президенті аштық жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу