«Министрлік не жасырып отыр?» - Цой нақты жауап беруден қашты

Oinet.kz 26-10-2021 995

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізуге қатысты сұрақтарға неліктен нақты жауап бере алмайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Цой.png

БАҚ өкілдері аталған вакцинаның Қазақстанға жеткізілу мерзімі және жеткізу құны туралы ақпарат бар-жоғын сұрады. Алексей Цой бұл сұрақтарға жауап бере алмайтынын, өйткені ол құпиялық келісімімен шектелгенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі Pfizer өкілдерінен брифингке шығып, көпшіліктің сұрақтарына жауап беруді сұраған. 

- Біз Pfizer компаниясына хабарластық. Денсаулық сақтау министрлігі бірдеңені жасыратындай, сұрақтың барлығы үнемі бізге қойылады. Бірақ құпиялық келісіммен шектелеміз. Біз Pfizer компаниясына хабарластық, менің ойымша, жақын арада бірлескен брифинг өткізетін шығармыз. Олар да халық алдына шығып, ақпарат беруін сұраймыз, өйткені белгілі бір талаптар келісімшартта бекітілген – деп түсіндірді Цой.

Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастар форумы өтті
Тойда ұлттық киіммен арақ құйғандар жұрттың наразылығын тудырды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу