Қазақстанда зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерді

Oinet.kz 11-12-2021 829

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер бекітілді. Бұл туралы 10 желтоқсанда кешке Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитеті басшысының орынбасары Бақытжан Қашақов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

- "Баршаңызды қуантқым келіп тұр! Бүгін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістерді бекіттік. Жаңа нормаларға сәйкес, енді:

- Тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыруға болады. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй қарызын рәсімдеу қажет.

Сонымен қатар, мемлекет сыйлықақысы мен сыйақы мөлшерлемесі толықтырылған қаражат ескеріле отырып, салым сомасына төленеді.

- Жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке үй салу. 

Алайда тұрғын үй құрылысы жинақтары салымын кепіл ретінде беруге болмайды", - деп жазды комитет басшысының орынбасары.

Кейін шенеуніктің жаңалығына "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова пікір білдірді. 

- "Алақай! Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, әсіресе құрылыс істері комитетіне алғыс айтамыз", - деп жазды ол Facebook-те.

Ләззат Ибрагимова өзгерістерге қатысты ақпаратты бүгін беруге уәде етті. 

Бақытгүл Хаменованың ұсталуы: іс бойынша жаңа деректер айтылды
Сенбі күніне арналған ауа райы болжамы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу