Еңбекші ауданында ирригациялық арықтардың саны артуда

Oinet.kz 21-12-2021 547

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында жауын-шашын салдарынан болатын су көлдеудің алдын-алу мақсатында ирригациялық арықтардың санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. 

image.png

Аудан аумағында ағымдағы жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырымға  ирригациялық арықтар салу жоспарланған. Қазіргі уақытта 10 мекенжайда 2,6 шақырымында тиісті жұмыстар аяқталған. Қалған 4 орында жұмыстар жүргізілуде. 

Айта кетейік, ирригациялық арықтар орнату жұмыстарын мердігер мекеме "Impuls" ЖШС-і атқаруда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Әл-Фараби ауданында биыл 31 жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді
Жастар Шам жарығында жүздесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу