№2 Оңалту орталығына «E-HELPER» апппараты орнатылды

Oinet.kz 29-12-2021 838

Шымкент қаласындағы №2 оңалту орталығы тіркек қимылы бұзылған балаларды емдеуге арналған  «E-helper» заманауи медициналық апппаратымен толықты.

 image.png

Қаламызда алғаш рет қолданылғалы отырған экзоскелет құрылғысы  аяқтың әлсіздігін, үйлестіру бұзылыстары бар науқастарды, инсульт, склероз, паркинсон, сал ауруы, жұлын және бас миының жарақаты, кардиологиялық ахаулар мен ковидтен кейін пайда болған асқынуларды емдеуге септігін тигізеді. 

Орталықтағы мамандарының айтуынша роботтандырылған жаңа құрылғыға отырған балаларға арнайы аяқ киім кигізіліп, өздігінен қозғала бастайды екен. Сол арқылы бұлшықеттер қозғалып, мимен байланыс орнатылады дейді.

«E-helper» құрылғысын тиімді пайдалану мақсатында отандық дәрігерлерге Ресейден арнайы мамандар келіп, шеберлік сабақтарын өтуде. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Үшінші мегаполисте спорт саласының 2021 жылы жеткен 7 жетістігі
Ұлттық чемпионаттың үздіктері марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу