«Дикий Арман» не үшін өз-өзін өлтірмек болғаны белгілі болды

Oinet.kz 04-02-2022 2720

"Жабайы Арман" не үшін өз-өзін өлтірмек болғаны белгілі болды. Ол тергеу кезінде әлсіздік танытып, қылмыс әлемінің серкесі Леха Маймышқа жала жапқан. Бұл - кешірілмес қателік. Сондықтан да "Жабайы Арман" масқара болғанын түсінген соң өлуге тырысқан. Бұл туралы Ораз Әлімбеков Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

"ІІМ-нің тергеу изоляторында "Жабайы Арман" өзіне қол жұмсап өлмек болған, ол "тамырын кескен" деген ақпарат бар. Оны  ҰҚК-нің тергеу изоляторына ауыстырып жіберудің бір себебі осы жайт болса керек.

Кейбір мәлімет бойынша, қатты қысымға шыдамаған "Жабайы Арман"  қылмыс әлемінің серкесі "Леха Маймышқа" "жала жауып", "Қанды қаңтар" оқиғасында "соның нұсқауымен ойран салғанын" айтыпты. "Жабайы Арманның" дәл осындай куәлік бергені және оның сотқа жетпей өзіне қол жұмсап өліп кеткеніне көп адам мүдделі. Тіпті оны қорғауға алған ақысы қымбат үш адвокат та, полиция да  "ертегінің" осылай аяқталғанын қалайтын сияқты.

"Жабайы Арман" да өлуге бейіл. Себебі, "Маймышқа" жала жапқан соң, оны қандай түрмеге тығып қойса да, "Жабайы Арманды" қылмыс әлеміндегі бұрынғы авторитетінен жұрдай қылып, әбден қорлап өлтіреді. Қылмыс әлемінің пәтуасы қандай болатыны қазірдің өзінде белгілі.

"Жабайы Арманның" тірі куә болып қала беруіне бір ғана адам мүдделі. Ол -Путин. "Жабайы Арманның" "бозғұрттармен" (Сұр қасқырлар) және сәләфилермен байланысы көзге ұрып тұр. "Жабайы Арман" осы жағдайды нақтылап, тәптіштеп куәлік беруі тиіс. Бұл компроматты Путин Қазақстандағы амбициясы асып тасып тұрған бір кланға және Ердоғанға қарсы пайдалану үшін сақтап қояды.

Суретте: "Бозғұрттардың" белгісін қолымен көрсеткен "Жабайы Арман" оғыздар авторитет санайтын қылмыс әлемінің серкесі "Гулиді" құшақтап тұр. Екеуі де Е.Ердоғанды "Президентім" деп санайды", - деп жазды Ораз Әлімбеков.

Кәріске тұрмысқа шыққан қазақ қызы оның артықшылығын айтып мақтады
Түркістан облысының полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу