«Елде суицид көп болады»: Танымал көріпкел Қазақстанды не күтіп тұрғанын айтты

Oinet.kz 10-02-2022 4601

Қазіргі таңда пандемия мен карантиндік шектеулер қашан аяқталады деген сұрақ екінің бірінің көкейінде кездеседі. Астана телеарнасы осы сауалға көрікпел Кажетта Ахметжанованың ойын сұрап білді. Оның айтуынша, омикрон вирусынан кейін ми тамырлары аурулары жиілеп суицид көбейеді.

Screenshot_3.jpg

Бұған дейін Қажетта 2020 жылдың мамырында карантин аяқталады деп болжам жасаған.

«Коронавирус деп атын атай бермеңіздер! Сөздің қуаты бар. Жаман аурудың атын атап өзімізге шақырмайық. Бұл ауру  бізде ұзаққа созылмайды. Мен оны тек 6 мамырға дейін көріп тұрмын» деген.

Осыдан бір ай бұрын ол жаңа болжамымен бөлісті.

«Бұл індет 4 жылдай уақытқа созылады. 2024-2025 жылдарға қарай кетеді. Омикрон келеді, одан кейін тағы екі вирус пайда болады. Кейін ең қиыны адамдар арасында ми тамырлар ауруы асқынып, елде суицид жағдайлары көп орын алады» деді Қажетта Ахметжанова.

Көріпкел жердің ақпараттық қабаты негативке толып кеткендігіне сенімді. Бірақ оған вирусолог, ғалым былай деп жауап берді:

«Меніңше бізге кішкене шыдам керек. Індет көктемге дейін таралады. 1,5-2 айдан кейін оның таралу қарқыны әлсіреп қалыпты жағдайымызға ораламыз» деді медицина ғылымдарының докторы, вирусолог Алмаз Шарман.

Танымал заңгер министрге наразылық танытып, ескерту жасады
Сәбит Әбдіхалықов ұлына елде жоқ есім қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу