Назарбаеваның орнын Саясат Нұрбек басты

Oinet.kz 26-02-2022 623

190906134652710a3563247i.jpg

Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі. Бұл жайында партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті деп хабарлайды Oinet.kz.

"Бүгін "Nur Otan" партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі. Сондай-ақ Саяси кеңес бюросының қаулысымен "Nur Otan" партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды" деп жазды ол Facebook парақшасында.

Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.


Өз иесін тапқан лауазым
Еуропа Кеңесі Ресейді ұйымнан шығарып тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу